Жапан далада 5 күн бойы ас-ауқатсыз жатқан малшы аман-есен табылды

Жапан далада 5 күн бойы ас-ауқатсыз жатқан малшы аман-есен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

17 наурызда 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның аты құлап қалған. Тұрғызбақ болған кезде жануардың астында қалып, аяғын сындырып алған. Кейін ат кетіп қалып, айдалада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қардан басқа нәр татпаған.

Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды даладан тауып алды. Олар малшыға ыстық шай беріп, жарақаттанған аяғын таңып, Ақшоқы ауылына жеткізді.

облыс Абай Малшы табылды

Тақырыпқа жаңалықтар