Зейнетақы жинағындағы ақшаны қандай қызметтерге пайдалануға болады?
Зейнетақы жинағындағы ақшаны қандай қызметтерге пайдалануға болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Зейнетақы қорындағы жеткілікті шектен артылған соманы орфандық ауруларды, яғни өмірге тікелей қауіп төндіретін немесе мүгедектікке алып келуі мүмкін сирек кездесетін ауыр сырқаттарды емдеуге қолдануға болады. Сондай-ақ радионуклидтік терапия және радио-йод терапиясы, радиохирургиялық емдеу және протон терапиясы бар. Бұлардың барлығы қатерлі ісікті емдеу амалдары.
Сонымен қатар зейнетақы жинағын ипотекасыз түпкілікті есеп айырысуға, бастапқы жарнаны төлеуге, ипотекалық қарызды ішінара немесе толық жабуға, ислам банктері арқылы үй сатып алуға, мемлекеттік немесе арнайы бағдарламалар аясында үйді алдымен жалға алып, кейін сатып алуға қолдануға мүмкіндік бар.