Зейнетақы жинақтарын емге пайдалану тоқтатылды
Отбасы банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 12 қаңтар сағат 19:00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша өтінім қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл шешім Отбасы Банк, Денсаулық сақтау министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысына байланысты қабылданған.
Алдағы уақытта емделуге зейнетақы жинақтарын пайдалану талаптары қайта қаралып, ақпараттық жүйелерді өзара біріктіру арқылы зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеу тетіктері күшейтіледі.
Емделуге арналған өтінімдерді қабылдау жаңа талаптар толық пысықталғаннан кейін қайта басталады. Бұл туралы қосымша хабарланбақ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: