Зейнеткер Перизат Қайраттың қорына 1 млн теңге аударған
Бүгін Астанада су тасқыны кезінде жасалған қайырымдылық көмекке байланысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
2024 жылдың сәуірінде зейнеткер Әмина Аймағамбетова банк қосымшасы арқылы Перизат Қайрат басқарған "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық ұйымына 1 миллион теңге аударған.
"Онда көп жарнамалар жүрді. Бірақ неге екені белгісіз, дәл сол BizBirgemiz атауы сенімді көрінді. Қажетті жерге жететініне сеніп, аудардым. Зейнеткерлер үшін ондай ақша артық емес қой", – деді әйел.
Оның айтуынша, ол бұған дейін Перизат Қайратпен де, оның анасымен де таныс болмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: