Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 2:28

Зембілмен жеткізілген науқасты аяғынан тік тұрғызды

Алматылық науқас оңалтудың арқасында өздігімен жүре алатын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оңтүстік астанадағы №7 клиникалық аурухананың нейрооңалту бөлімшесіне зембілмен жеткізілген 67 жастағы науқас медициналық оңалтудан өтіп, ауруханадан өз аяғымен шықты.

Құлап ауыр жарақат алған зейнеткерге екі рет ота жасалған.

Бұған дейін оңалтудың екі курсынан өтіпті. Оған дейін аяқ-қолынан әл кетіп, қолдары семіп, бұлшық ет массасы 1,0 балға дейін төмендеп, қолын көтере алмай қалған, әрі біреудің сүйемелдеуінсіз жүріп-тұра алмаған.   

Бөлшімше меңгерушісі Айнұр Жиенбайқызы мен инструктор маман Жанасыл Рысбекұлына айтар алғысым шексіз. Өзімді жақсы сезініп, аяқ-қолыма жан бітті. Жетінші аурухана қызметкерлерінің бәріне де ризамын», - дейді науқас.


Нейрооңалту бөлімшесі меңгерушісі Айнұр Досыбаеваның айтуынша, науқас оңалтудың 1-ші және 2-ші курстарынан өтіп, денсаулықты қалпына  келтіруге бағытталған ем-шараларды алған. Онда науқастың денсаулық жағдайына қарай дербес және кешенді оңалту шаралары жүргізілген.  

Нәтижесінде күнделікті өмір сүруге қажет дағдылары қайта оралды», - дейді дәрігер.

Бөлімшеде мультидисциплинарлық емдеу тәсілі қолданылады. Көптеген мамандардың қатысуымен жүргізілетін ем-дом пациентті мүгедектіктен сақтап қалады және оның қатарға қосылып кетуіне мүмкіндік береді.

Накқас оңалтудың 3-ші кезеңіне жолданды. Емді тіркелген емхана арқылы алады», - дейді Айнұр Досыбаева.


Айта кетсек, Алматы №7 аурухананың нейрооңалту бөлімшесі 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда мидағы қан айналымы бұзылған пациенттер оңалтудың екінші кезеңінен өтеді және ми мен жұлынға ота жасалады. Бұл жерде емделу үшін Ауруханаға жатқызу бюросы арқылы кезекке тұру қажет. 

Медициналық оңалту мен қалпына келтіруге бағытталған ем-дом МӘМС арқылы жүргізіледі.

Оңалту процедураларын мидағы қан айналымы бұзылған немесе ота жасатқандар алғашқы  6 айда өте алады. 

2023 жылы бөлімшеде 560 науқас ем қабылдаған. Оның 70% – инсульт алғандар, 30% – түрлі отадан соң кейін келгендер.

Алматы №7 клиникалық аурухана оңалту нейрореабилитация

Тақырыпқа жаңалықтар