Жетісу облысында ер адам жалған құжаттармен субсидия алып, қаражатты құмар ойынына жұмсаған
Жетісу облысында субсидия жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ҚМА-ның мәліметінше, ЖШС-нің басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекет тарапынан сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз түрде «Ауыл шаруашылығы басқармасынан» ММ алып отырған. Келтірілген жалпы залал 300 млн теңгеден асты.
ҚМА тексеріс барысында жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі өзара есеп айырысулар туралы жалған құжаттар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсынылғанын анықтады.
Сонымен қатар, заңсыз алынған 110 млн теңгені күдікті құмар ойындарына жұмсаған. Күдікті үй қамаққа алынды. Тергеу жалғасуда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: