Қазақстан жаңалықтары25 сәуір 2025, 11:19

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

24 сәуірге қараған түні Жетісу облысындағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Алакөл ауданында болған.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Mercedes көлігінің жүргізушісі Алматы – Өскемен тасжолында рөлге ие бола алмай, көлігі аударылып кеткен. Жол апатының салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен мүлкін қорғаудың басты кепілі екенін еске салды.

Ақпарат Көлік Апат Жол

Тақырыпқа жаңалықтар