Жетісуда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды
Жетісуда жоғалып кеткен 7 жастағы баланың мәйіті Қаратал өзенінен табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Талдықорған қаласының Шығыс шағынауданында 2019 жылы туған кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстары 2026 жылғы 25 мамыр күні кешкі сағат 22:30-дан бастап жүргізілді. Бала шамамен сағат 19:30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның мәйіті 26 мамырда Қаратал өзенінен табылды.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, кинологиялық есептоп, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, полиция қызметкерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің сарбаздары және баланың туыстары жоғалған баланы іздеуге кіріскен еді. Алайда 2026 жылғы 26 мамыр күні таңғы сағат 05:30 шамасында баланың денесі Қаратал өзенінен табылып, судан шығарылды.