Зілзала: Алматы облысында жаңа мектептің қабырғасы жарылды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан мектеп қабырғаларындағы үлкен жарықтарды көруге болады.
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарық жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді.
«Алайда жер сілкінісінен кейін жарықшақ 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен. Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. Төтенше жағдайлар басқармасы апатты жағдай деп танымады», — деп атап өтті аудандық білім бөлімінен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: