Жоғары сынып оқушысының кіші балаларға жасаған жантүршігерлік әрекеті ашылды
Әлеуметтік желіде жоғары сынып оқушыларының өзінен кіші сырыптың оқушыларын ұрып жатқан бейне тарады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл жағдай Іле ауданы, Қараой ауылындағы №49 мектепте болған. Жоғары сынып оқушысы өзінен кіші балаларды ұрып-соғып, балағаттаған.
Полициядан бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме бермеді.
Айта кетейік, бұл видео 2024 жылы түсірілген екен. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мән-жайды зерделеу үшін комиссия құрылғанын хабарлады.
«Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ата - аналармен түсіндіру жұмыстарын өткізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды анықтау және ондайды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылданады», - деді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: