Қазақстан жаңалықтары23 қараша 2025, 9:29

Жол ережесіне өзгеріс енгізілді

Елді мекендерде жүк көлігінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерде қолданылмайды (мысалы, 80-90 км/сағ), деп хабарлайды Arbat.Media.

Сонымен қатар патрульдік көлік ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар жаңартылды:

колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады;

көлік тізбегіндегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік көлікпен ілесіп алып жүру міндетті;

М2 және М3 санатындағы автобусқа жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдамаларда тоқтауға рұқсат етілді.

Өзгеріс 23 қарашадан бастап күшіне енеді.

Жол Көлік ереже жылдамдық
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар