Жолда тұрған жеңіл көлік түгелімен жанып кетті
Шымкентте жол бойында тұрған жеңіл көлік түгелімен жанып кетті, өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға Абай ауданына қарасты «Асар-2» шағын ауданында болды. Жол бойында тұрған «Ваз-2114» жеңіл автокөлігі толығымен жанып кетті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы, 11 жеке құрам қызметкері және апаттар медициналық орталығының бригадасы жұмылдырылды.
«Өрт сағат 23:47-де оқшауланып, сағат 23:59-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр» - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: