Жұмыста аты бар, өзі жоқ - ҚТЖ филиалында «өлі жандар» анықталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары21 қазан 2024, 10:00

Жұмыста аты бар, өзі жоқ - ҚТЖ филиалында «өлі жандар» анықталды

ҚТЖ ревизорлық комиссиясы ішкі тексерулер барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ — «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалында қызметкерлердің формальды еңбек қызметі фактілерін анықтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру материалдары құқық қорғау органдарына берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Осы фактіге қатысты Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында 21 млн теңге шығын келгені дәлелденді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Филиал басшысының тапсырмасы бойынша формальды жұмыспен қамтылған адамдар жеке тұрғын үй құрылысына қатысқаны анықталды.

ҚТЖ жәбірленуші тарап деп танылды және тергеуге толық көмек көрсетеді.

Іс материалдары Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралуда.

ҚТЖ өлі жандар Филиал ревизия

Тақырыпқа жаңалықтар