Жыл басталғалы 350-ге жуық адам коронавируспен ауырды

2025 жылдың басынан бері 329 қазақстандық коронавируспен ауырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Елде қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

"Әлемдегі жағдай сияқты Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр", - делінген хабарламада.

 

Ауру Қазақстан ел Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар