Қазақстан жаңалықтары7 тамыз 2025, 18:32

Жылыту маусымына 40 млрд теңге бөлінді

Петропавлда жылу электр орталығындағы жаңа мұржа қыркүйектің соңында дайын болады, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Қазір кәсіпорында ескірген қазандықтар мен турбоагрегаттар жөнделіп, теміржол желісі қалпына келді. Бұл іске 28 млрд теңге инвестиция тартылды.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуы бойынша, биыл аудандардағы 24 қазандықты жөндеуге 1,4 млрд теңге бөлінген.

Ал қалада көпқабатты 300-ге жуық үйдің құбыры сынақтан өтті. Облыс бойынша 53 мың тонна көмір қоры бар.

Жылу Электр маусымы Ақша
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
21 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар