Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті
Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші бірінші кездесуін франциялық Грегуар Баррермен өткізді.
Ол 1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.
Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.
Жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыдағы тағы бір франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен шығады.
Жұптық сында да ресейлік Александр Шевченкомен бірге жартылай финалға өтуге тырысады. Қарсыласы ұлыбританиялық Ллойд Глaсспул – монаколық Хьюго Нис.
Антверпен додасы 22 қазанда мәресіне жетеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: