Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
А.Голубев украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті.
Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында олар 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Америкалық-франциялық дуэт 6 эйс жасағанымен, брейкке қол жеткізе алған жоқ.
Андрей Голубев пен Денис Молчановтың соңғы бәсекедегі қарсыластары кейін анықталады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: