Азиада: Қазақстан 40-шы жүлдесіне қол жеткізді
Велоспортшы Рината Сұлтанова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Sports.kz жариялады.
Рината тасжолдағы жарыстың жекелей сынына қатысып, мәре сызығына үшінші (+1:00.11) келді.
Өзбекстаннан Ольга Забелинская (24:35.99) мен жапониялық Эри Ёнамине (+59.60) бірінші және екінші орынды өзара бөлісті.
Жарыс жолына 14 спортшы шыққан болатын.
Бұл медаль Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы 40-шы жүлдесі және 29-шы «қоласы» болып тұр.
Сондай-ақ ұлттық құрама қоржынында төрт алтын, жеті күміс медаль бар.
Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: