Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты
Әлемнің 247-ракеткасы, 23 жастағы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақтау теннис мектебінің түлегі жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 254-орында тұрған, өзінен бір жас үлкен америкалық Патрик Кипсонмен шеберлік таластырды.
Б.Жұқаев матч басында бірден брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдықты уысынан шығарған жоқ – 6:4.
Екінші сетте Бейбіт тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған ойын барысында қазақстандық спортшы 18 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 10 эйспен шектелді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: