Placeholder Бес дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер қазақстандықтарға сәлем жолдады
Фото: seriechampionsdefrance.com
seriechampionsdefrance.com
Спорт4 тамыз 2024, 19:37

Бес дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер қазақстандықтарға сәлем жолдады

Бес дүркін Олимпиада чемпионы Тедди Ринер Қазақстан халқына ризашылығын білдірді. Танымал спортшы Париждегі Олимпиада қарсаңында елімізге екі рет келіп, 2023-2024 жылдары Алматыдағы дзюдо академиясында Қазақстан құрамасымен бірге жаттығу өткізген болатын, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өз кезегінде дзюдо әлемінің аңызы Қазақстандағы кезін сағынышпен еске алып, отандастарымызға алғысын жеткізді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Қазақстандықтарға жалынды сәлем. Федерация өкілдерінің шақыртуымен мен бұл елге екі рет бардым, жаттықтым. Әр жаттығу өзінше ерекше болды. Сөз соңында Қазақстан халқына алғысымды айтқым келеді», - деді Риннер.

Тедди Ринер Олимпиада чемпионы Қазақстандықтар сәлем

Тақырыпқа жаңалықтар