Қазақстан жаңалықтары•5 қараша 2026, 11:25

Текеліде трактор қаққан 11 жастағы қыз көз жұмды

Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 3 қарашада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, трактор жолдан өтіп бара жатқан қызды қаққан.

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тергеу барысында жол қозғалысы ережелерінің, сондай-ақ жол жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексеріледі.

Текелі қаласы Жөндеу жұмысы Трактор Қайғылы оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар