Спорт23 қазан 2023, 10:30

Бибарыс Спатай Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бибарыс Спатай пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орын иеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жариялады. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Максим Богатырев Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Оның нәтижесі 58.479 секунд.

Жаңыл Балтабаева пара каноэдан (VL3 200) жекелей бағдарламада үшінші орынды иеленді. Алғашқы екі орынға Өзбекстан мен Қытайдан келген параатлеттер тұрақтады.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

 

Бибарыс Спатай Азия пара ойындары Күміс

Тақырыпқа жаңалықтар