Бокстан әлем чемпионы Аида Әбікееваға автокөлік сыйға тартылды
Қарағанды облысында бокстан әлем чемпионы Аида Әбікеева мен оның жеке бапкеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы Аида Әбікееваны салтанатты түрде құттықтаған.
"Барша облыс тұрғынының атынан алғыс айтамын және құттықтаймын. Бұл – орасан зор жетістік! Сіздің жеңісіңіздің арқасында халықаралық аренада Қазақстанның туы көтеріліп, 60-тан астам елдің алдында Әнұранымыз шырқалды. Біз мақтан етеміз және жаңа биіктерді бағындыруыңызды тілейміз!" - деді Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс әкімі әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин мен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Аиданың жеке бапкері Ислам Әбдірайымовқа да алғысын айтып, чемпионға автокөліктің кілтін, жеке бапкеріне 5 миллион теңгенің сертификатын табыстаған.