Спорт26 наурыз 2024, 2:09

Денис Евсеев Испанияда негізгі жарысқа жолдама алды

Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Жирона (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді. Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 327-орында тұрған Румыния өкілі Сезар Крецумен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Д.Евсеев бірінші партияда 3:6 есебімен ұтылғанымен, камбэк жасай білді - 6:3, 7:5. Әсіресе, үшінші сетте 0:3 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Денис Евсеев негізгі жарысқа жолдама алды.

Бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізген. 

Денис Евсеев Испания жолдама Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар