СпортКеше, 11:47

«Допинг дауы»: Жәнібек Әлімханұлының Эрисланди Ларамен кездесуі өтпейтін болды

Қазақстандық боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеуді сарапқа салатын жекпе-жек өтуі керек еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ерікті допингке қарсы VADA қауымдастығы қазақстандық боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратын табылғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады:

«Жаңалыққа таң қалдық деген себебіміз VADAның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген болатын, екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз! Қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр. Қайта анализ тапсырсақ деген өтінішті айттық. Ескі анализдің екінші нұсқасын да тексерту, зертханадағы жұмыс бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандардан хабар күтудеміз».

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлының тест сынамасынан тыйым салынған зат анықталғанын мәлімдеген болатын. Қазір ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр.

Техас Жәнібек Әлімханұлы бокс Допинг
2 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
2 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
2 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
2 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
2 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар