Спорт7 қазан 2023, 20:07

Елена Рыбакина финалға шыға алмады

Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жартылай финалда ресейлік Людмила Самсоновамен шыққан. 

Өзара үш рет кездесіп, ресейлік спортшы басым түсті.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Л.Самсонова алға шыққанымен, Е.Рыбакина таразыны теңестіріп, тай-брейкте ресейлік жеңді – 7:6 (9:7).

Екінші сетте Елена қателесіп, брейкке мүмкіндік беріп қойды – 3:6.

Е.Рыбакина 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Л.Самсонова 7 эйспен бірге 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

 

Елена Рыбакина Финал Жеңіліс

Тақырыпқа жаңалықтар