Спорт15 қазан 2023, 5:28

Euro-2024: Қазақстан құрамасы Даниядан жеңілді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы жетінші турында Қазақстан Данияға есе жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Біздің футболшылар H тобында сынға түсіп жатыр. 12 ұпай жинап, төртінші орында тұрған еді.

Екінші орындағы Данияда 13 ұпай болатын.

Алғашқы минуттан даниялықтар тез голға  ұмтылды. Даниялық Йонас Винд құрамасын алға шығарды. Сосын Роберт Сков 45, 48-минутта есепті көбейтті. 

Қазақстандық Роман Вороговский гол соғып, қазақстандық құрама қарсыласынан 1:3 есебімен жеңілді.

Euro-2024 Қазақстан-Дания

Тақырыпқа жаңалықтар