Placeholder
Фото: kff.kz
kff.kz
СпортБүгін, 15:34

Футзал: Қазақстан 1/8 финалда Португалиямен кездеседі

22 қыркүйекте футзалдан әлем чемпионаты үшінші туры мәресіне жетіп, плей-офф сатысына шыққан барлық құрама анықталды. Ел құрамасы D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды. Қазақстандық футзалшылар 1/8 финалда 26 қыркүйекте Португалиямен шеберлік байқасады. Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, барлығында португалдықтар жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алдымен 2000 жылы әлем чемпионаты бірінші кезеңінде аталған қарсыласқа 2:6 есебімен есе жіберді. Ал 2021 жылы жартылай финалда ел құрамасы олармен негізгі және қосымша кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:5 есебімен жеңіліп қалған еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ плей-офф сатысында Нидерланд пен Украина, Марокко мен Иран, Бразилия мен Коста-Рика, Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.

футзал Қазақстан Португалия 1/8 финал

Тақырыпқа жаңалықтар