Спорт8 сәуір 2024, 10:34

Каратэ: Қазақстан чемпионатында Түркістан облысы топ жарды

Ақтау қаласында WKF каратэден ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, 14 аймақтан 150-ден астам қатысушы жиналған біріншілікте жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола) көш бастады.

Батыс Қазақстан облысының каратэшілері (3 алтын, 2 күміс, 4 қола) екінші орынға жайғасса, Шымкент қаласы (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) үздік үштікті түйіндеді.

«Ақтау қаласында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл – біз үшін маңызды жарыстардың бірі. Себебі жаңа құрама іріктеледі. Жасақталған команда Азия ойындарында, әлем чемпионатында және басқа да бәсекелерде бақтарын сынайтын болады. Әріптестеріміз бен ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Бәрі жоғары деңгейде болды. Біздің спортшылар барлық күш-жігерімізді ақтады. Осының барлығы адал еңбек пен таза жеңістің арқасында», - деді WKF каратэден Қазақстан мемлекеттік жаттықтырушысы Майя Баймағанбетова.

 

каратэ Қазақстан чемпионаты Түркістан облысы

Тақырыпқа жаңалықтар