Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте чилилік боксшыны жеңді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіпқой бокс кешінде чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1, 9 КО) жұдырықтасты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Хумо Аренада» өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын. Кездесу мезгілінен бұрын аяқталмай, белгіленген уақыт бойынша өтті. Нәтижесінде, Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша отандасымыз WBC чемпионының міндетті қарсыласы атанды. Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы 20-шы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Хулио Аламос екінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов Boxrec.com нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік боксшысы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: