СпортБүгін, 9:26

Михаил Шайдоровтың Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоровтың Қазақстанға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанға 21 ақпаннан кейін келеді. Жарыстар аяқталған соң Олимпиада чемпионы бірқатар ресми іс-шараларға қатысады. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 21 ақпанда мәнерлеп сырғанаушы Миланда өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.

«Қазіргі уақытта Олимпиада чемпионы арнайы шоу-бағдарлама дайындап жатыр. Гала-концерттен кейін спортшы Қазақстанға оралады», – деді Қаженов.

Шайдоров Қазақстан Алтын Олимпиада

Тақырыпқа жаңалықтар