Назгүл Маратова Grand Slam турнирінің қола жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Әбу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды. Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен татамиге шықты.Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді. Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен белдесті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тартысты жекпе-жек голден скорда жалғасып, Карина шидо санымен жеңіліс тапты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Әбу-Дабиде үш қола жүлдені жеңіп алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: