Олимпиада: теннис жарысында қазақстандық төрешілер қазылық етеді
Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер, - деп хабарлайды Arbat.media.
М.Кәукеева мен Ю.Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.
Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды.
Сондай-ақ жұптық сында А.Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: