Спорт6 желтоқсан 2023, 11:00

Олжас Есқараев ресейлік файтерді жеңді

Қазақстандық файтер Олжас Есқараев (14-7) Бахрейнде аралас жекпе-жектен Brave CF 77 турнирінде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

<ұл туралы Sports.kz сайты жария етті.

Есқараев ресейлік Руслан Тедеевпен (13-3) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық спортшы екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша Олжас Есқараев кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Руслан Тедеев төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұған дейін Есқараев маусымда француз Ильяс Джируннан (20-8) жеңілген болатын.

Олжас Есқараев Бахрейн Brave CF 77 аралас жекпе-жек

Тақырыпқа жаңалықтар