Париж-2024: Новак Джокович Олимпиада ойындарының чемпионы атанды
Фото: GLOBAL LOOK PRESS
GLOBAL LOOK PRESS
Спорт4 тамыз 2024, 23:51

Париж-2024: Новак Джокович Олимпиада ойындарының чемпионы атанды

Әлемнің 2-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, 37 жастағы сербиялық теннисші Новак Джокович Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Сербиялық спортшы финалда әлемнің 3-ракеткасы, 21 жастағы испаниялық Карлос Алькараспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Екі сағат 52 минутқа созылған тартысты матчта тәжірибелі теннисші қарсыласын 7:6 (7:3), 7:6 (7:2) есебімен қапы қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Н.Джокович Аустралия, АҚШ, Франция ашық чемпионаттары және Уимблдон турниріне қоса Олимпиада алтынын жеңіп алып, бірегей нәтижеге қол жеткізді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін ол 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында қола медаль алған еді.

Әлемнің 16-ракеткасы, италиялық Лоренцо Музетти қола жүлдені қанағат тұтты. Ол рейтингіде 19-орында тұрған канадалық Феликс Оже-Альяссимді жеңді – 6:4, 1:6, 6:3.

Әйелдер арасында әлемнің 7-ракеткасы Чжэн Циньвэнь қытайлық қыздар арасында алғаш рет жекелей сында Олимпиада чемпионы атанды. Қытайлық теннисші соңғы бәсекеде хорватиялық Донна Векичтен басым түсті – 6:2, 6:3.

Бұдан бұрын Парижде Новак Джоковичтің алғаш рет Олимпиада ойындарының финалына шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Торонто турниріне қатыспайды.

Париж-2024 Новак Джокович чемпион

Тақырыпқа жаңалықтар