Қазақстан құрамасы жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді
Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.
Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғасты.
Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.
Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:
1.Қытай - 383 (201-111-71)
2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)
3. Жапония - 188 (52-67-69)
4. Үндістан - 107 (28-38-41)
5. Қазақстан - 80 (10-22-48)
6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)
7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)
8. Таиланд - 58 (12-14-32)
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: