Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты
Фото: olympic.kz
olympic.kz
Спорт4 қараша 2024, 10:00

Қазақстан жүзушілері Сингапурда екі рекорд орнатты

Сингапурда жүзуден әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз екі ұлттық рекорд орнатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Аделаида Пчелинцева 100 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде жаңа рекорд орнатты.

Оның қорытынды көрсеткіші 01:07.74-ке тең болды.

Ал Ғалымжан Балабек 400 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден Қазақстан рекордын 03:47.52 нәтижесімен жаңартты.

Егор Попов әлем кубогінің финалында 200 метр қашықтықта арқамен жүзуден бесінші болып мәреге жетті.

Қазақстан жүзушілері Сингапур Рекорд

Тақырыпқа жаңалықтар