Спорт2 шілде 2024, 9:03

Қазақстандық боксшы WBA атағына таласады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздиман келесі жекпе-жегінде чемпиондық титулға таласады. 25 шілдеде Тайландтың Бангкок қаласында қазақстандық спортшы ең жеңіл салмақта (55 келіге дейін) WBA Asia белдігі үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz порталы жариялады. 

Мұздиман бұған дейінгі жекпе-жегін 1 маусымда Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде үнділік Моника Сингхті бірінші раундта нокаутқа түсірген кезде өткізді.

Бұл жеңіс 26 жастағы қазақстандық боксшыға BoxRec-тің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 115-шіден 95-ші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Балауса Мұздиман бокс чемпиондық титул WBA Asia

Тақырыпқа жаңалықтар