Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды
Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Көшбасында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) тұр.
Жуырда допинг дауына іліккен боксшы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылу мүмкін.
Сондай-ақ үздік үштікте Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) бар.
Ал үздік ондыққа мына боксшылар енген:
- Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО);
- Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО);
- Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО);
- Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО):
- Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 КО);
- Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 КО);
- Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО).
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: