Спорт22 қазан 2023, 19:30

Қытайда Азия пара ойындары ашылды

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы «Үлкен Лотос» олимпиада стадионында IV Азия пара ойындарының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Туризм және спорт министрлігінен мәлім еткендей, ойындардың ашылу рәсімінде елімі Туын параволейболдан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Жанғали Сүйеуов және параүстел теннисінен халықаралық жарыстардың чемпионы Алтынай Ержанқызы ұстап шықты.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ойындарға қатысушыларды құттықтап, спортшыларымызды қолдауға шақырды.

«Пара спортшылардың мұндай ірі додаға қатысуының өзі – үлкен жеңіс. Тағдырдың тосын сынағына сынып кетпей, ерік-жігерінің, спортқа деген құштарлығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр», –  деді министр.

IV Азия пара ойындары Қытай ашылу салтанаты

Тақырыпқа жаңалықтар