Румыния премьері Олимпиаданың жабылу рәсіміне бойкот жарияламақ
Румынияның премьер-министрі Марчел Чолаку Парижде өтіп жатқан Олимпиаданың жабылу рәсіміне бойкот жарияламақшы. Оның пікірінше, румыниялық гимнасттарға төрешілік әділетсіз болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
,Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі ахабарлады.
Мен гимнастикадағы тартыс тудырған оқиғаға байланысты Париж Олимпиадасының жабылу рәсіміне қатыспаймын деп шештім. Румыниялық гимнасттарға қатысты қабылданған шешім әділетсіз. Адал термен келген медальды не бапкерлер, не жетекші техникалық мамандар түсінбейтін наразылық негізінде бермей қою ақылға сыймайды, деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Чолакудың пікірінше, аталған бәсекенің ұйымдастыру жүйесінде бір кемшілік бар.
Ол румыниялық гимнасттарға өз елінің оларды олимпиада жүлдегерлері ретінде қарастыратынын жеткізді.
Дүйсенбі күні румыниялық гимнаст қыз Ана Бэрбосу кілемдегі жаттығулар бойынша қола жүлдегер деп жарияланған кезде төрешілер америкалық бәсекелестің қайырылуынан соң өздерінің шешімін өзгертті. Соның салдарынан румыниялық спортшы 4-ші орынға сырғыды. Ал қоланы америкалық спортшы Джордан Чайлз алды. Төрешілер тағы бір румыниялық гимнаст Сабрина Манека-Войняға қатысты «кілем шетіне шығып кетті» деп шешім шығарды. Алайда спортшы оған наразылық білдіргенімен шешім өзгеріссіз қалды, румыниялық спортшы 5-ші орын алды.