Спорт4 қазан 2023, 19:50

Рыбакина Бейжің турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Бейжің WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Үшінші айналымда ресейлік Мирра Андреевамен сайысқан.

Матч қарқынды басталған – 6:2. Ал екінші партияда Е.Рыбакина күшіне енді – 6:4.

Шешуші сетте Елена 5:0 есебімен матчболын эйспен тәмамдады – 6:1.

Қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина ширек финал Бейжің турнир

Тақырыпқа жаңалықтар