Теннис: Әмір Омарханов Оңтүстік Кореядағы жарыста жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасында екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирінде жеңіп кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 45-інші, доданың екінші ракеткасы, оңтүстіккореялық Джангжун Кимді жеңді - 6:7, 7:6, 6:3.
Ширек финалда Юн Сун Йонгтан басым түсті - 6:3, 6:3.
Жартылай финалда австралиялық Хайден Джонесті шаң қаптырды - 6:1, 6:0.
Титул үшін бәсекеде үндістандық Юван Нандалды жеңді - 6:2, 6:2.
Сөйтіп Омарханов ITF Juniors жарысында төртінші титулына қол жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: