Спорт12 ақпан 2024, 10:12

Украиналық Игорь Пластун биыл «Ордабасы» клубында ойнайды

Футболдан шымкенттік «Ордабасы» клубы украиналық Игорь Пластунмен келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Украиналық футболшы болгариялық «Лудогорец», бельгиялық «Гент», украиналық «Карпаты» және «Оболонь» командаларында ойнаған.

Ол еурокубокта 70 мәрте жасыл алаңға шыққан. Украина құрамасы сапында 5 ойын өткізген.

Шымкенттік команда құрамында биыл Джасурбек Яхшибоев өнер көрсетеді. 26 жастағы шабуылшы Өзбекстанның «Пахтакор», АГМК, «Навбахор», Беларусьтің «Энергетик-БГУ», «Шахтёр Солигорск», Польщаның «Легия», Молдованың «Шериф» клубтарының намысын қорғаған.

«Ордабасы» командасы 2023 жылы өз тарихында тұңғыш мәрте Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды. Биыл Чемпиондар лигасы іріктеу сатысында ел намысын қорғайды. Команда құрамында Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Еркебұлан Тұңғышбаев сынды ұлттық құрамада ойнайтын футболшылар бар.

 

Игорь Пластун Ордабасы келісімшарт

Тақырыпқа жаңалықтар