Спорт14 қазан 2023, 10:00

WBO: Мейірім Нұрсұлтанов жылдың үздік боксшысы атанды

Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды деп жазады Sports.kz сайты. 

Бұл туралы Доминикан Республикасында өткен WBO конвенция ltсында айтылды.

Бұған дейін Мейірімнің келесі жекпе-жегі қазан айына жоспарланғаны хабарланған болатын.

Ал бұған дейінгі жекпе-жегі сәуір айында Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті.

Ол жапондық Кадзуто Такесакомен (16-1-1, 15 КО) жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, WBO International титулын қорғаған .

WBO Мейірім Нұрсұлтанов үздік боксшы

Тақырыпқа жаңалықтар