XXXIII Олимпиада: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Фото: Владислав Семенов
Vladislav Semenov
Спорт28 шілде 2024, 3:07

XXXIII Олимпиада: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Олимпиада ойындарында қазақ боксшылары да жекпе-жекті жеңіспен бастады. Боксшыларымыздан 63,5 келі салмақта қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кдесуін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. Ол алғашқы айналымда испаниялық Ойер Ибареччемен жұдырықтасты. Бұл кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлының келесі жекпе-жегі 29 шілдеде Тайвань елінің боксшысы Ен Чу Лайға қарсы болмақ, - деп жазады Kazinform агенттігі.

28 шілдеде бокстан Қазақстан құрамасы сапынан ерлер арасында 92 келі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай, 71 келі салмақта команда капитаны Асыланбек Шымбергенов және әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай шаршы алаңға шығады.

XXXIII Олимпиада Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бокс жеңіс

Тақырыпқа жаңалықтар