Placeholder
QAZ_OLYMPICS/TENGRINEWS Turar KAZANGAPOV
Turar KAZANGAPOV
Спорт4 тамыз 2024, 19:43

XXXIII Олимпиада: Никита Чирюкин іріктеу кезеңінен өте алмады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық мерген Никита Чирюкин іріктеу кезеңінде бақ сынады. 25 метрге оқ атудан сынға түскен отандасымыз екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 10-орынға табан тіреді. Өкінішке қарай бұл нәтиже финалға шығуға жеткіліксіз болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айта кетейік, финалдық кезеңге үздік алты спортшы ғана өтеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Еске салсақ, бұған дейін Никита Чирюкиннің іріктеу кезеңінің алғашқы айналымын сәтті өткізгенін жазған едік.

Никита Чирюкин XXXIII Олимпиада іріктеу кезең

Тақырыпқа жаңалықтар