XXXIII Олимпиада: Қазақтың «қара маржаны» халықтың үмітін ақтай алмады
Олимпиада ойындарында қазақтың «қара маржаны» атанып кеткен жеңіл атлет Нора Джеруто халықтың үмітін ақтай алмады. Ол бүгін Париж Олимпиадасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әйелдер арасындағы финалда сәтсіз өнер көрсетіп, аталған қашықтықты 9-орынмен аяқтады. Осылайша Нора Джеруто Олимпиада ойындарында жүлдесіз қалатын болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді. Олимпиадашылар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: