XXXIII Олимпиада: Руслан Құрбанов 1/8 финалда Олимпиада чемпионын жеңді
Шпагадан семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Құрбанов 2024 жылы Париж Олимпиадасы ойындарының 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол француз Ромен Канноннан мықты болып шықты, - деп жазады Оlympic.kz.
Ширек финалға шығу үшін өткен кездесу 15-10 есебімен Құрбановтың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Каннон Токио Олимпиадасында ерлер арасындағы жеке жарыста жеңіске жеткен болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: