Grand Slam: Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға шықты
Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға өтті. Отандасымыз ширек финалда грузиялық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді. Сондай-ақ 81 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Абылайхан Тәжікстан мен Грекия балуандарынан да басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық балуан енді финалдық белдесуде жапониялық Юшито Ходжомен сынға түседі, - деп жазады Kazinform агенттігі.
73 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз Дархан Қойбаған жартылай финалда швейцариялық Нилс Стамптан жеңіліп, қола жүлдеге таласатын болды. Оның кіші финалдағы қарсыласы – моңғолиялық Эрденбаяр Батсцая.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: